Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Онкологтар мен радиологтар альянсы» және «Көпсалалы медицина орталығы» қоғамдық бірлестігі онлайн режімде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын «Қазіргі онкология: клиника, диагностика, емдеу және оңалту» тақырыбында  өткізуді 2020 жылғы  26-27 қарашаға  жоспарлап отыр.

Аталған іс-шараның мақсаты: онколог, химиотерапевт, онкоуролог және басқа да аралас маман дәрігерлерін қатерлі ісіктерді ерте диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері туралы хабардар ету деңгейін арттыру есебінен Қазақстан Республикасының өңірлерінде онкологиялық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету сапасын жақсарту болып табылады.

Аталған іс-шараға қатысу үшін Батыс және Шығыс Еуропа, Қазақстан және ТМД елдерінің онкология саласындағы әлемдік беделі бар жетекші мамандары шақырылды. 

JoomShaper